Ордабасы ауданында Көктөбе ауылының тұрғындары бүгін қуанышқа кенелді. Қос кәсіпкер Ж.Өмірзақов пен С.Дәмірқажы демеушілік жасап, Көктөбе ауылына зәулім мешіт тұрғызды. Бұл күнге дейін тұрғындар 1830 жылы қабырғасы қаланған Жүніс әжі атындағы мешіттің қызметін пайдаланып келді. Көктөбелік қария Б.Исақов ескі ғимараттың үш ғасырға куә болғанын айтады. Ауыл тұрғындары жылда өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты жарамды күйге келтіріп тұрған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы А.Керімбек жамағатты айтулы күнмен құттықтап, бас муфтидің ізгі тілегін жеткізді. «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінің имамы Б.Әшірбай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады. Республикаға аты белгілі жас айтыскер-ақын Біржан Байтуов жомарт жандардың сауапты ісін жырмен әрлеп, көпшілікке ұсынды.
Аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Жүсіп көктөбеліктерді құттықтап, мешіт салудың сауабы жөнінде әңгімеледі.
Ауыл тұрғындары өз тарапынан демеуші жігіттерге тұлпар мінгізіп, алғысын білдірді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...










