ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...
Үш жарым жылдан бері Созақты басқарып отырған әкім есебі бұл жолы өзгерек болды. Әдеттегідей жарты сағат елдің ұйқысын келтіріп, есінететіндей баяндама болған жоқ. Керісінше бес минут ғана мінберде сөйлеп, кезекті бірден сұрақ-жауапқа берді. Созақ үшін жыр болып келе жатқан табиғи отын бұл жолы тағы да қозғалды. Әкім мырзаның сөзіне сүйенсек, 2021 жылы газдандыруға 1 миллиард 150 миллион теңге бөлінген. Осы мәселе қозғалғанда тұрғындар құлақ түріп тыңдап, жүздерінен күлкі байқалды. Бірақ, бұл теңге тек құбыр тартуға ғана бөлінген. Яғни, Созақтықтар үшін көгілдір отын келер жылы келуі мүмкін деген болжам бар. Қойылған сұрақтарды сараптап қарасақ, өткен жылдағы есепте көтерілген проблемар екені байқалды. Әліде, шешімі табылмаған жағдайларды қаржы ұстап тұр екен. Есепке қатысқан тұрғындар арасынан жариялық пен адалдықты талап еткен қарияларда кездесті. Солардың бірі ардагер Қасымжан Өмірұлы. «Цифрлар көңіл көншітеді, бірақ арғы шетінде адам тағдыры тұрғанын ұмытпайық. Әкім халық үніне құлақ асса орынды» -деп көп жағдайды еске түсірді. Өткен-кеткенді қозғап, ауыл өмірін айтқан ақсақалға қатысушылар «регламент» деп еске салып отырды. Бірақ, емін-еркін жүріп, ойын ашық айтып, көл-көсір көңілдегі қарияларды тоқтатудың қажеті жоқ болып қалды. Нәтижесінде, ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Айтпақшы, биыл Созақ ауданы үшін ерекше жаңалық орын алды. Әмір Темір ғасырынан бері келе жатқан тарихи мұнара толық жаңарыпты. Қайсы деп қызықсаңыз онда біз айтайық: VIII ғасырлық тарихы бар «Ақбикеш» мұнарасы респуликалық бюджеттің есебінен қайта қалпына келтіріліпті. Жермен жексен болғалы тұрған Ақсүмбедегі жәдігердің жаңаруы созақтық ағайын үшін үлкен қуаныш. Бұл жөнінде өлкетанушы Мақсат Қарғабай есептік кездесуде көтерді. Оның айтуынша, тарихи орынға енді жарық жетпей тұр екен. Осы мәселе аудан әкімінің назарына ұсынылды.
Айғақ-ақпаратШымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...
Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...
Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....
Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда. Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...
Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...
Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.