• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Сәуір 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Биыл Отырар ауданының 5 ауылына табиғи газ беріледі

05.02.2021
0

    Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов өткен жылды қорытындылап, халық алдында онлайн форматта есеп берді.  Бұған дейін Отырар ауданына қарасты ауыл округ тұрғындарымен қашықтықтан кездескен әкімнің кезекті жиыны да әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Өткен жылы ауданда өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 57 млрд. 212 млн. 800 мың теңгені құрап, 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 млрд. 784 млн. теңгеге немесе 109 — % ға артығымен орындалған. Сонымен бірге жыл қорытындысымен ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 млрд. 852 млн. 702 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі — 101 пайызды құрады. 12 айдың қорытындысымен негізгі капиталға 11 млрд. 031 млн. 400 мың теңге инвестиция тартылған. Кәсіпкерлік саласы бойынша жалпы статистикалық мәліметке сәйкес жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны – 4763- ке жетсе, 2019 жылы олардың саны 4592 болған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 171-ге артып отыр.
Аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жылдық жоспары 1 млрд. 262 млн. 617 мың теңге болса, орындалуы 1 млрд. 333 млн. 253,1 мың теңге болып, 105 %- ға артық орындалған. Бұдан өзге аудан бойынша ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 2 млрд. 800 млн. теңгені құрап 112 пайызға ал, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 202 млн. 500 мың теңгені құрап, жоспар 101 пайызға орындалған. Аймақта бір алқаптан
2-3 өнім алу жобасы бойынша ағымдағы жылы 80 шаруа 240,9 гектар жер игеріп, жұмыс істеген.     Отырар ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2-ші бағыты аясында «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант» аясында 25 жеке тұлға қайтарымсыз 555 мың 600 теңгеден жалпы 13 млн 890 мың теңгенің грантын иеленіп, тұрақты жұмыс істеуде. Егін шаруашылығы бойынша аудан көлемінде 33 мың 605 га жерге егістік егілсе, оның ішінде 11 мың гектар жерге жүгері егілген. Мал шаруашылығын несиелендіру жолымен импорттан ірі қара мал сатып алу бойынша тапсырма 1 435 бас алу болса, 2020 жылы 3 360 бас алынып тапсырма 2 есеге артығымен орындалса, 888 бас аналық түйе сатып алынған.
Бұдан өзге Отырар ауданын табиғи газбен қамту мақсатында 8 елді- мекенде (Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Ынталы және Мыңшұқыр) газ құбырларының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, желтоқсан айында 3 елді мекенге (Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе) табиғи газ берілді.     Кезектегі 5 елді мекенге (Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Ынталы және Мыңшұқыр) табиғи газ беру 2021 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланып отыр. Аудан көлеміндегі автокөлік жолдардың жалпы ұзындығы – 813,39 шақырымды құрайды. Өткен жылы жалпы ұзындығы 26,9 шақырым ішкі автомобиль жолдарына орта жөндеу және 1,7 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. Нәтижесімен аудан көлеміндегі ішкі көшелердің жалпы қанағаттанарлық деңгейі 59 % дан 61 % ға артқан. Сондай-ақ, былтыр Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі 3 көшені электр жарығымен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүзеге асырылған.    Ұлылыр мекенінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан орталығындағы «Даңқты бабалар саяжолы», «Қасірет» мемориалына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы даңғылын абаттандырудың 3-ші, 4-ші кезеңдері, Шәуілдір ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылының 1,9 шақырымы және Ынталы ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылының 1,77 шақырымын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасын тапты. Нысаналы индикаторлар бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру жұмыстары бойынша 15 мың 352 шаршы метр (2019 жылы 14 мың 396 шаршы метр) тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 106 % құрап отыр.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі бойынша шамамен 5 млрд 700 млн теңгенің (2019 жылы 5 млрд 534,6 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,7 % артық орындалды.
Республикалық бюджет есебінен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Көкмардан ауылындағы жаңа тұрғын алабын ауыз су мен электр жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, жоба бойынша 120 жеке тұрғын үйге арналған жер учаскесі электр қуаты мен ауыз су жүйесімен қамтылған.

Айғақ-ақпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.