«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылып жатыр. Осы бағытта Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Жеңілдік терезесін» пайдалану арқылы І, ІІ топтағы мүгедектер мен егде тартқан қариялар үйде отырып-ақ тапсырыс бере алады. Ол үшін «1414» қысқа нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзі жайлы ақпарат беріп, қызметті алуға қажетті құжаттар тізімін анықтап, мекен-жайын айту керек. Осы ақпаратты алған байланыс орталығының қызметкерлері қызмет алушыға қолайлы уақытты таңдап, ақпаратты сол ауданның ХҚКО бөліміне жібереді. Ал анықталған аудан бөлімі 72 сағаттың ішінде қызмет алушының үйіне барып қызмет көрсетеді.
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Өзіне-өзі қызмет қылу» секторында жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізу арқылы бір реттік құпия санды алып, өзіңізге қызмет қыла аласыз. Қандай талаптарды орындау керектігі жөнінде залдағы үлкен экрандардан бейнеролик арқылы әр 2 минут сайын көрсетіп тұрады.
Халық арасында ең көп пайдаланылатын, сұранысқа ие «Топ-10» электрондық қызметтерге: электрондық-цифрлық қолтаңба алу, соттылығының бар/жоқ екендігі туралы анықтамалар, психо/наркологиялық диспансерлерден анықтамалар, тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеу, медициналық ұйымға тіркелу, жылжымайтын мүлік, көлік және коммуникация, бизнесті тіркеу және дамыту, лицензиялау және рұқсат беру, отбасы және білім жатады.
Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді. Мұның дәлелі ретінде кезекті онлайн өтініш беретін «eGov.KzBot» порталын, «eGov Mobile» қосымшасын айтуымызға болады. Порталдың тағы бір артықшылығы -балаңызды балабақша кезегіне енгізе аласыз. Сондай-ақ уақытты көп алатын анықтамаларды қоғамдық қолжетімді қызметке жүгініп, кезексіз, тез ала алатындығыңыз.Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...
Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...
Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...
«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...
Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...
Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.