Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігі ішінен сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда ауыл тұрғындарына қажетті мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Сондай-ақ орталықта шешімін таппай, халықты толғандырып жүрген мәселелер жауабын енді осы жерден алуға мүмкіндік бар.
Аталмыш кеңсе толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кету керек, әкімдік жанындағы кеңседе ауылдық әкімдіктің бекітілген мамандары жұмыс істеуде. Бұған дейін жергілікті тұрғындар білім, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жер қатынастары бойынша туындаған мәселелермен аудан орталығына қатынап, салалалық мекемелердің табалдырығын тоздыратын. Сөйтіп жүріп, уақытын жоғалтатын. Енді олай сабылудың қажеті жоқ. Барлығын бір жерден тындыруға болады. Айғақ-ақпарат