Шымкентте тұрғындарды сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде шаруа қожалықтарының үлесі зор.
Солардың бірі — Еңбекші ауданы, Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасы.
Ферма ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді.
Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы ең алдымен Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды (Симменталь) сиырларды алып келіп, өз жұмысын бастаған.
Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ірі қара мал басының саны 317-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны 161 басты құрап отыр.
Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады.