25 қаңтарда сағат 11:30-да Кентау қаласы Ащысай елді мекені Кентау-Ащысай автожолында 8 адам қар құрсауында қалып қойған. Оларға көмек көрсету үшін сағат 12:00-де Түркістан облысы ТЖД-ның 7 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жіберілді. Бұл туралы Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, Түркістан облысы ТЖД-дың қызметкерлері 17:30-да қар құрсауында қалып қойған 1 жеңіл автомобиль мен 1 жүк көлігін сүйреп шығарды. Аталған орыннан 15 адам құтқарылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.