2021 жылы Абай ауданының инфрақұрылымын дамытуға 27,7 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде:
Абай ауданы аумағы бойынша 34 елді мекеннің 22 елді мекені сапалы ауыз сумен қамтылса, ағымдағы жылдың басында тағы 2 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылып, 24 елді мекен немесе 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Қалған 10 елді мекен ұңғыма және тасымалды ауыз суларын пайдаланады. Жалпы 2020 жылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы 8,4 млрд теңге қаржы қаралған. Оның ішінде 8 елді мекеннің ішкі құрылыс жүйелерінің жұмыстарына — 7 920,6 млн.теңге бөлініп, 4 елді мекеннің тұрғындарына ауыз су жүйелерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Игілік, Қызылжар, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл.
Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 27 елді мекені (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.
Айғақ-ақпарат
