«Қамқорлық» бағдарламасы 12 отбасыға қуаныш сыйлады. Өткен жылы Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 29 азаматтың жеке кәсіпкерлігіне 119,5 млн теңге көлемінде шағын несие берілген. Сонымен бірге ауылда 12 отбасына облыс әкімінің бастамасымен қабылданған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында демеушілік жұмыстары ұйымдастырылған. Жалпы былтырғы жылы бюджеттен Қарабұлақ ауыл округіне барлығы 257,5 млн теңге қаржы бөлініп, мақсатты игерілген. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтың есебінде айтылды.