Сайрам ауданында апатты мектептер мәселесі 100% шешімін тапты. 2020 жылы Сайрам ауданында 1,7 млрд теңгеге 7 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізіліп, 1200 орындық 2 жаңа мектеп, 300 орындық 3 мектептің қосымша ғимараты пайдалануға тапсырылған. Тағы 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Сонымен бірге былтырғы жылы Қарабұлақ ауылындағы номері 92-ші жалпы орта мектебінің 600 орындық жаңа ғимараты пайдалануға беріліп, ауданда апатты мектептердің мәселесі 100 пайыз өз шешімін тапқан. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Ұ. Сәдібеков Қарабұлақ ауылы тұрғындары алдындағы онлайн түріндегі есеп беру кездесуінде мәлім етті.