Қаңтар айының 17-24 аралығында Алматы қаласында бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл сайыста Шымкент қаласының құрама командасы 3 медаль жеңіп алды.52 келіде Жандос Жұмабаев жеңімпаз атанды. 64 келіде Абзал Серік, 81 келіде Дәурен Мамыр күміс жүлдеге ие болды.Жарыста Шымкент қаласынан 14 спортшы бақ сынады.