Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ералы Жумаханбетовпен кездесті
    Айғақ MEDIA

    «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ералы Жумаханбетовпен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.01.2021667 Views

    2021 жылдың 23 қаңтарында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов кезекті рет Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовпен кездесті.

    Бұл жолы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Рафаэль Гасановқа Жедел басқару орталығының жұмысымен таныстырды. Күніне тұрғындардың 1000-нан астам қоңырауларына жауап беру және қала аумағында орнатылған бейнебақылау камераларымен анықталған құқық бұзушылықтарға ден қою мақсатында кешенді күштердің үйлесімділігін және өзара әрекеттесуін көрсетті. Аталған орталықтың жұмысын жетілдіру мақсатында жаңа технологияларды енгізу бойынша екі тараптан бірқатар ұсыныстар айтылды.«Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінін басшысы Рафаэль Гасанов Полиция департаментінің ұжымымен кездесіп, заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен республикалық арнайы мониторинг топтың жұмысын таныстырды. «Департаменттің және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жұмысын жоғары бағалады. Әлеуметтік желіде тұрғындармен кері байланыс жоғары деңгейде орнатып, адамдардың мұң-мұқтажына назар аударып, шешім жедел және кәсіби қабылданып жатқанын» — Р.Гасанов атап кетті.

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов жеке құрамның қатарын тексеріп, сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар жүргізуде. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 22 қызметкердің 80% Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері анықтап, ұстаған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне пара ұсынған 9 жайты анықталып, азаматтық тұлғалар ұсталған. «Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында апта сайын жеке қабылдау, әлеуметтік желісінде менің, орынбасарларымның және департаменттің ресми парақшалары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «Whatsapp» желісінде құрылған «жедел әрекет ету тобы» чаты нәтижесін көрсетіп жатыр. 2020 жылда тұрғындардан 2000-ға жуық хабарламалар келіп, тиісті шешімі қабылданған» — деді Е.Жумаханбетов.

    Кездесу соңында Рафаэль Гасанов алдағы уақытта жиі кездесіп, пікір алмасып тұратынын жеткізді.

    Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.