2021 жылдың 23 қаңтарында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов кезекті рет Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовпен кездесті.
Бұл жолы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Рафаэль Гасановқа Жедел басқару орталығының жұмысымен таныстырды. Күніне тұрғындардың 1000-нан астам қоңырауларына жауап беру және қала аумағында орнатылған бейнебақылау камераларымен анықталған құқық бұзушылықтарға ден қою мақсатында кешенді күштердің үйлесімділігін және өзара әрекеттесуін көрсетті. Аталған орталықтың жұмысын жетілдіру мақсатында жаңа технологияларды енгізу бойынша екі тараптан бірқатар ұсыныстар айтылды.
«Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінін басшысы Рафаэль Гасанов Полиция департаментінің ұжымымен кездесіп, заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен республикалық арнайы мониторинг топтың жұмысын таныстырды. «Департаменттің және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жұмысын жоғары бағалады. Әлеуметтік желіде тұрғындармен кері байланыс жоғары деңгейде орнатып, адамдардың мұң-мұқтажына назар аударып, шешім жедел және кәсіби қабылданып жатқанын» — Р.Гасанов атап кетті.
