Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Ашық есік» күніне шақырады
    Айғақ MEDIA

    «Ашық есік» күніне шақырады

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.01.2021647 Views

    Жатыр мойны қатерлі ісігі жастар арасында да өршіп барады,  деп онкогинеколог дәрігерлер дабыл қағуда. Көбіне үлкен жастағы әйелдерде кездесетін бұл дерт уақыт өте келе жасарып бара жатыр екен.  Осыған байланысты дәрігерлер ашық есік күнін өткізіп, тегін кеңес алуға және тексерілуге шақырады. Жатыр мойнының қатерлі ісігі тек Қазақстандық ғана емес, әлемдік проблемаға айналған. Шымкент қаласы бойынша дәл осы дертпен жылына 100-ге жуық нәзік жандылар дәрігерлерге қаралады екен. Ал, профилактикалық тексеруден өтпегендері қаншама? Соның салдарынан жатыр мойны обырынан бейхабар әйелдер ауруын асқындырып, обырдың үшінші, төртінші сатысына жетеді екен. Ендеше, қатерлі ісіктің алғашқы белгілері мен пайда болу себептерінен хабардар болыңыз. Ауру жиі етеккір үзілісі кезеңінде пайда болады және алғашқы негізгі белгісі жыныс жолдарынан қан аралас немесе сулы-іріңді шығындылардың бөлінуі мүмкін. Ауырсынулар жатыр ісіктерінің талшыққа және сегізкөздің нервтік бірігуіне әкелуі кезінде пайда болады. Ісіктердің қуыққа қарай өсуі кезінде дизуриялық құбылыс және зәрде қан пайда болады -, дейді мамандар. Егер, жатыр мойны қатерлі ісігінің бастапқы сатысына шалдыққан болсаңыз ота жасау арқылы емдеуге мүмкіндігіңіз бар. Ал, асқынған кезінде  сәулелі және химиялық жолмен емдеуге тура келеді. Сондықтан, әрине гинеколог мамандарға жылына екі рет текіріліп тұрған жөн. Осы тұста дәрігерлер жағымды жаңалықпен бөлісті. 23 қаңтар күні Шымкент қалалық онкологиялық орталықта гинекология бөлімінде нәзік жандылар үшін «Ашық есік» күнін өткізу жоспарланған. Қабылдау уақыты 09:00-ден 14:00-ге дейін. Өзіңізге көңіл бөліп, тиімті мүмкіндіктен қапы қалмаңыз.  Мамандардың айтуынша, қатерлі дертті болдырмау әр адамның өз қолында. Аурудан аулақ болу үшін иммунитетті көтеріп, жыл сайын дәрігер қарауынан өтуге кеңес береді. Дені сау халқы бар мемлекет ең бай ел, сондықтан да әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі, сіздің амандығығыз отбасыңыз үшін, қоғам үшін және ең бастысы өзіңіз үшін маңызды.

    aigak.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.