Жатыр мойнының қатерлі ісігі тек Қазақстандық ғана емес, әлемдік проблемаға айналған. Шымкент қаласы бойынша дәл осы дертпен жылына 100-ге жуық нәзік жандылар дәрігерлерге қаралады екен. Ал, профилактикалық тексеруден өтпегендері қаншама? Соның салдарынан жатыр мойны обырынан бейхабар әйелдер ауруын асқындырып, обырдың үшінші, төртінші сатысына жетеді екен. Ендеше, қатерлі ісіктің алғашқы белгілері мен пайда болу себептерінен хабардар болыңыз. Ауру жиі етеккір үзілісі кезеңінде пайда болады және алғашқы негізгі белгісі жыныс жолдарынан қан аралас немесе сулы-іріңді шығындылардың бөлінуі мүмкін. Ауырсынулар жатыр ісіктерінің талшыққа және сегізкөздің нервтік бірігуіне әкелуі кезінде пайда болады. Ісіктердің қуыққа қарай өсуі кезінде дизуриялық құбылыс және зәрде қан пайда болады -, дейді мамандар.
Егер, жатыр мойны қатерлі ісігінің бастапқы сатысына шалдыққан болсаңыз ота жасау арқылы емдеуге мүмкіндігіңіз бар. Ал, асқынған кезінде сәулелі және химиялық жолмен емдеуге тура келеді. Сондықтан, әрине гинеколог мамандарға жылына екі рет текіріліп тұрған жөн. Осы тұста дәрігерлер жағымды жаңалықпен бөлісті. 23 қаңтар күні Шымкент қалалық онкологиялық орталықта гинекология бөлімінде нәзік жандылар үшін «Ашық есік» күнін өткізу жоспарланған. Қабылдау уақыты 09:00-ден 14:00-ге дейін. Өзіңізге көңіл бөліп, тиімті мүмкіндіктен қапы қалмаңыз.
Мамандардың айтуынша, қатерлі дертті болдырмау әр адамның өз қолында. Аурудан аулақ болу үшін иммунитетті көтеріп, жыл сайын дәрігер қарауынан өтуге кеңес береді. Дені сау халқы бар мемлекет ең бай ел, сондықтан да әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі, сіздің амандығығыз отбасыңыз үшін, қоғам үшін және ең бастысы өзіңіз үшін маңызды.
