Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы А.Жұмағалидің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бейінді басқарма басшылығы мен бас дәрігерлердің өздері тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуде.
«Бұл ретте кешенді шаралар қабылдай отырып, түбегейлі, нақты іс-қимыл қажет деп санаймын. Жағымсыз жағдайды өзгерту үшін сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, Жол картасын әзірлеу қажет деп санаймыз» — деді ол.
Құжатта медициналық мекемелерге жұмысқа орналасу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша нақты тетіктерді тұжырымдау, байланысты болдырмау үшін қызметтерді барынша цифрландыру, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді жою қажет.
Сондай-ақ, ол әрбір медициналық мекемеде әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына тікелей есеп беретін комплаенс қызметін (офицерлерді) құру маңыздылығына тоқталды.
Аталған тұлға қандай да бір мекемедегі сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы мониторинг жүргізеді және хабардар етеді.
Жиын шеңберінде «Transparency Kazakhstan»қоғамдық қоры жүргізген өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін зерттеу нәтижелері қаралды.
Олардың қорытындылары, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы және жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев толығырақ баяндады.