Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 28 пайызға төмендеген
    Айғақ TV

    Түркістан облысында 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 28 пайызға төмендеген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.01.2021Updated:16.01.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі мен Криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында қарқынды түрде қызмет етуде,-деп хабарлайды Түркістан Облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.Осы бағытта ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде, 2020 жылдың 12 айында облыс көлемінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 28 пайызға төмендеген. Соның біршамасын атап айтсақ: қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 16,7% -ға, көшеде жасалған қылмыстардың саны 10%-ға, топтасып жасалған қылмыстардың саны 31,9%-ға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың саны 28,8%-ға, мас халдегілермен жасалған қылмыстардың саны 11,4% -ға, тонау қылмыстары 46% -ға, бұзақылық 34,4 %-ға төмендеуіне қол жеткізілген.

    Мәселен, қоғамдық орындар мен көшелерде тонау, бұзақылық т.б. қылмыстарды болдырмау, алдын алу мақсатында қылмыстар жиі орын алатын аумақтарға полиция кешенді күштері жұмылдырылды. Сонымен қатар үнемі талдау жасалып, сол аумақтарда тұрақты бір нүктелік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Оған қоса учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарындағы ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеру орындарын бақылауға алды. Нәтижесінде қоғамдық орындарда мас халде жүрген 1112 азамат анықталып, уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылған. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 7486 деректер анықталып, барлығына әкімшілік хаттама толтырылған.
    Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері көпшілік орында әдептілік пен тәртіпті сақтап, мәдениетті жүруге дағдыланыңыздар деп ескертеді! Егер де, сіз, кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқық бұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.