Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында Қазақ КСР компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне ескерткіш қою ұсынысын қолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Знамя труда» басылымына сілтеме жасап.
2022 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы аталып өтеді. Қазір Таразда Қонаевтың мүсіні орнатылған.
Жамбылда зиялы қауым өкілдері: Қазақстанның еңбек ері Мұқаш Ескендіров, журналистика ардагері Баттал Жаңабаев, Мемлекеттік премия лауреаты, ақын Күләш Ахметова, академик Өскенбай Мәдиев, облыстағы қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжілістің экс-депутаты Амзебек Жолшыбеков аймақ басшысына мүсінді толық ескерткішке ауыстыру туралы ұсыныс айтты.
«Сапарбаев ұсынысты қолдады және жауапты органдарға тапсырма берді», — деп жазады газет.
Басылым Қонаевтың есімі «әрбір қазақтың жүрегінде ерекше орын алатынын» атап өтті.
«Дінмұхамед Қонаевтың мұрасы — республиканың ұлттық игілігі, оның есімі Қазақстан тарихындағы алтын қорға кірді. Қазақ халқы тірі болғанда мұндай қайраткер адамның да есімі мәңгі сақталады», — делінген мақалада.