Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»ІІІ ТОҚСАННАН БАСТАП БІТІРУШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУЫНА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
    Әлеумет

    ІІІ ТОҚСАННАН БАСТАП БІТІРУШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУЫНА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.01.2021633 Views
    Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б. пәндер мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70 пайызы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады.
    Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар, бітіруші сыныптар түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін, кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді. Осы орайда, мектептерде санитарлық шаралар сақталатын болады.
    Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптардағы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Консультациялық сабақтарды өткізу үшін бес адамға дейінгі топтар құрылатын болады. Қабылданған шешім міндетті түрде бес адамнан тұратын топ құрылып, мектеп оқушыларына консультация жүргізілуі керек дегенді білдірмейді. Бұл қашықтан білім беру бойынша жасалған мониторинг нәтижелеріне негізделген ұсыныстар. Сондықтан, осы мәселелер бойынша мектеп өзара ақылдаса отырып, шешім қабылдауы керек. Мектеп директорлары консультациялық сабақтарды жүргізуге тыйым салмауы немесе мәжбүрлемеуі қажет.
    Одан өзге, мұғалімдерді көптеген есептіліктен арылту үшін заңды негіздер пайда болды. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі белгіленді. Артық есептілікті талап еткені үшін лауазымды тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары толтыратын нақты қажетті құжаттар тізімі де белгіленген, қажеті жоқ құжаттар алынып тасталды. Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында да қатаң есептегі құжаттардың 11 формасы алынып тасталды, бұл оқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.