• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазақстанда сайлауды қауіпсіз өткізу үшін қандай шаралар қолға алынды — ҚР ДСМ

04.01.2021
0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қаншалықты қауіпсіз өтетіндігі туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаулы қабылдағаны туралы айтты. «Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаулы қабылдады, құжатта бірқатар талап қарастырылған, негізгілері мыналар:

сайлау учаскесіне қойылатын талаптар:

— кіре берісте термометрмен температура өлшеу;

— сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою;

— сайлау комиссиясы мүшелері 3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс;

— қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек;

— жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру;

— кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтық сақтау;

— келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда, адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет болуы қажет», — дейді Алексей Цой. Сондай-ақ, ол сайлаушылар мен сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар туралы да айтып өтті.

«Сайлаушыларға қойылатын талаптар:

— сайлау учаскесіне келгенде медициналық немесе қорғаныс маскасын және қолға арналған антисептикалық құралды пайдалану;

— Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс берушілер сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауы тиіс.

Сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар — жоғары және орташа қауіпті аймақтардағы («қызыл», «сары» аймақ), қызыл аймақта 1 өңір (Атырау облысы), сары аймақта – 6 өңір (Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар мен сенімді адамдар («Сайлау туралы» заң бойынша) 5 қаңтар мен 9 қаңтар аралығында тексерілуі тиіс және ПТР-тест нәтижесі таза болуы қажет. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдар тегін тексеріледі», — дейді ол. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрі дене қызуы бар адам жалпыға ортақ сайлау уаскесіне кіре алмайтынын айтты. «Дене қызуы бар адам қай жерге барып дауыс бере алатыны туралы аумақтық саулау комиссиясынын алдын ала анықтап, сұрап алғаны дұрыс. Себебі дене қызуы бар адам жалпыға ортақ сайлау учаскесіне кіре алмайды, себебі ол коронавируспен ауырып тұрған болуы мүмкін», — дейді ол. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Медициналық сақтандыру қоры сайлау комиссиясы мүшелерінің ПТР тестілеу шығындарын өтейтінін айтты. «ПТР тестіден өту Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржысы есебінен жүзеге асады. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдарды біз тесттен өткіземіз және оған кететін қаражат ӘМСҚ арқылы өтеледі. Сайлау өтетін жер адам көп жиналатын және дауыс беретін жер болғандықтан, бүкіл сайлау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді тегін өткізу туралы шешім қабылданды», — дейді Алексей Цой. Сонымен қатар, брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният сайлаудың онлайн түрде өтуі мүмкін емес екендігін айтты. «Сайлау онлайн өтпейді. Еліміздің Конституциялық заңына сәйкес, әр азамат өзінің сайлау учаскесіне барып, өзінің жеке куәлігін көрсетіп, дауыс беруі керек. Министрлік пен медициналық қызметкерлер барлық қауіпсіздік жағын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан сайлау учаскелерінің кіре берісінде байланыссыз термометрия және сайлаушылар үшін қозғалыс бағыты бойынша қашықтық белгілерінің көрсеткіші болуы керек», — дейді Ажар Ғиният. Ол сайлау комиссиясының жұмысын барлық кезең ішінде әрбір 3 сағат сайын бақылап, маска тағу режиімн сақтауы керек екенін айтты. «Қолды дезинфекциялауға арналған санитайзер болуы керек. Жиһаз бен техникалық жабдықтар бір-бірін 1,5-2 метр қашықтықта орналасуы керек. Учаскеге келген сайлаушының бәрі медициналық маскамен келуі тиіс және оқшаулау режимін белгілеп, арақашықтықты сақтаулары қажет», — дейді ол. Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Брифинг барысында министр еліміз қаупі төмен «жасыл» аймақта тұрғанын айтты. «Республика қауіпі төмен – жасыл аймақта тұр. Тәуекелі жоғары немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды, тәуекелі орташа немесе сары аумақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары қалды», — деп атап өтті ол.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.