Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркияның Чорум қаласында Абай атындағы музей мен саябақ ашылды
    Айғақ MEDIA

    Түркияның Чорум қаласында Абай атындағы музей мен саябақ ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.12.2020559 Views

    Чорум түрік өңірінде Қазақстан Елшілігі Ескіліп ауданының мэриясымен бірлесіп Ескіліп ғалымдары мұражайында, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы атындағы саябақта арнайы залдың салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бұл іс-шара қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 175 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы Тұңғыш Президент – Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Заман өзгерсе де, әлем өзгерсе де, халқымыз Абай туралы пікірін өзгертпейді және уақыт өте келе оның ұлылығының жаңа қырларын ашады» деген сөздерін келтірді. Дипломат сондай-ақ қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай мұрасы — бұл бізді ұлт ретінде біріктіретін және ел ретінде дамуға мүмкіндік беретін құндылық» деген сөзіне аударды. А. Сапарбекұлы түрік халқына және Чорум қаласының басшылығына қазақ халқы мен Абайға деген құрметі үшін шынайы алғысын білдіріп, мұндай бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.

    Чорум қаласы губернаторының орынбасары Реджеп Юксель өз сөзінде бүгін ашылған нысандар қазақ және түрік халықтарының рухани және мәдени жақындығын көрсететін маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті.

    Абай атындағы залда ақынның балауыз мүсіні, экспонаттар мен қолдан жасалған қазақ бұйымдары қойылған. Бұл мәселеде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыратын Orhun Medical түрік компаниясы тиісті қолдау көрсетті.

    ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.