ҚР Премьер-Министрі Универсиада-2017 дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын өткізу және оған дайындық мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушылар спорттық ғимараттар құрылысының барысын, Қазақстанның студенттік құрама командасының дайындығын, сондай-ақ алау эстафетасын өткізу мәселесін талқылады.

Б. Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары И. Тасмағамбетовке 2017 жылы Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына дайындық мәселелерін бақылауға алуды тапсырды.

Анықтама үшін:

Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.

Қазіргі таңда 58 мемлекет жарысқа қатысатынын растады. Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ұтысқа салынады. Сондай-ақ, жарыстар 8 спорттық нысанда: «Алматы Арена» және «Халық Аренадан» бөлек, «Шымбұлақ», «Медеу», «Сұңқар» трамплині, Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және Алматы облысындағы  «Табаған» кешенінде өтеді.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі 

 

 

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...