«Бал декор» ЖШС заманауи үлгіде тоқылған кілемшелер өндіруді бастады. Тәуелсіздік қарсаңында лентасы қиылған мекеме 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жоба құны- 120 млн теңге. Өндіріс ошағының қуаттылығы күніне — 20 мың-ға жуық кілемше. 2021 жылдан бастап отандық өнім жергілікті нарыққа шығарыла бастайды. Бұл туралы компания басшысы Огуз Дурру айтып берді. Кілемшелердің бағасы көлеміне қарай 8 500 бен 12 000 теңге аралығында сатылмақ. Қалдықсыз өнім шығаратын өндіріс ошағы әлі толығымен іске қосылмаған. Алдағы уақытта, көрпе-төсекті де шығаруды жоспарлап отыр.
Айта кететін жайт, ағымдағы жылы мегаполисте 37,6 млрд. теңгеге 1108 жаңа жұмыс орнымен 21 өндірістік жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінде, 17 жобаға инвестиция тартылып, 725 шымкенттік жұмыспен қамтылған.
Толық ақпаратты «Айғақ» телеарнасының кешкі жаңалығынан көре аласыздар.