Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Англияның Стивенидж қаласында «Шымкент-2200 жыл гүлденген қала» атты кітап жарыққа шықты
    Айғақ MEDIA

    Англияның Стивенидж қаласында «Шымкент-2200 жыл гүлденген қала» атты кітап жарыққа шықты

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.12.2020699 Views

    Англияның Стивенидж қаласында «Шымкент — 2200 жыл гүлденген қала» атты кітап жарыққа шықты. Бұл кітапты Стивенидж қаласының мэриясы «Hertfordshire Press» британдық баспа үйімен бірлесіп екі қаланың бауырлас қала болып танылуына 30 жыл толуына орай және Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуы мен ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына тарту ретінде шығарды. Бүгін Шымкент қаласының тарихы мен мәдениеті және туристік көрікті жерлері туралы ақпарат қамтылған кітаптың online тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Стивенидж қаласының мэрі Браун Джим, ҚР cыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Асқар Әбдірахманов, ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы Рүстем Таженов пен «Hertfordshire Press» баспа үйінің директоры Марат Ахмеджанов қатысты.Осыған дейін де ағылшындық Стивенидж қаласының мэриясында «Шымкент» холлы ашылған болатын. Өз кезегінде, Шымкент қаласы әкімдігінің жауапты сыйы ретінде қалада құрылып жатқан жаңа «Туристік ақпараттық орталығы» ғимаратында «Стивенидж» бұрышының ашылуы, Шымкент және Стивенидж қалалары туралы бірлескен кітап шығару, навигациялық көрсеткіштер орнату жоспарлануда. Hertfordshire Press — бұл бүкіл әлемдегі ағылшын тілді оқырмандарды Еуразиямен аймақ авторларының кітаптарын, журналдарын, нұсқаулықтарын басып шығару және әдеби фестивальдер мен форумдар өткізу арқылы біріктіретін ерекше баспа. Баспа каталогында 15 елден келген авторлардың 200-ден астам туындысы бар, ал жалпы таралымы миллион данадан астам.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.