• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Еліміздің ормандылық көрсеткіші 2030 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғаяды — М. Мырзағалиев

10.12.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында орман ресурстарын қорғау және қалпына келтіру мәселесі қаралды-, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев баяндады. ҚР ЭГТРМ басшысының айтуынша, Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттердің қатарына жатады. Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі 30 млн га құрайды және республикамыздың 11%-ын алып жатыр. Ең көп орманды алқаптар — Қызылорда, Жамбыл облыстарында. Ол жерлерде негізінен сексеуіл өседі. Сонымен қатар, балқарағай, майқарағай, самырсын және шырша сияқты аса құнды ағаш түрлерінің қорлары Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында шоғырланған.  «Еліміздің ормандылық көрсеткіші 4,8% құрайды. Мақсатымыз — 2018 жылы қабылданған Бонн үндеуі аясында республиканың ормандылығын 2030 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғайту», — деді министр.

Еске салайық, Қазақстан Президенті биыл қыркүйек айындағы Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызуды және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырды.   Осыған байланысты министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізді және қазіргі таңда өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемдерін анықтады.   Мәселен, әкімдіктердің табиғат қорғау және орман қорғау мекемелерінің күшімен 464 мың гектар аумақта 1,1 млрд ағаш отырғызылатын болады. Барынша көп мөлшерде ағаш отырғызу Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған мөлшердің негізгі үлесі сексеуіл себу арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігінде де осы жұмыстар атқарылады. Республиканың орталық өңірлерінде  қарағай, шырша, қайың сияқты негізгі орман құраушы тұқымдарға жататын ағаштар отырғызылатын болады.

Бұдан басқа, ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың га алқапта шамамен 200 млн ағаш отырғызылады. Ал компенсация ретінде отырғызылатын ағаштар, автомобиль және темір жолдар бойындағы қорғаныш белдеулері, сондай-ақ халықаралық гранттар есебінен барлығы 182 мың га алқапқа 700 млн ағаш отырғызу жоспарлануда.   «Қазіргі уақытта елімізде 155 орман тұқымбағы жұмыс істейді. Олар толық жүктемеленген жағдайда жоспарланған жұмыс көлемінің орындалуын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар уақытша тұқымбақтар құру, орман мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту қажет», — деді М. Мырзағалиев. Ағаштар мен бұталарды заңсыз жоюға байланысты бұзушылықтар үшін жаза күшейтіледі. Соңғы кезде елді мекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері орын алғаны белгілі. Осыған байланысты ЭГТРМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы тәртіп бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараларды пысықтады. Бірінші. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларына толықтыру енгізіп отыр.  Оған сәйкес қарастырылған:

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде 30 есе мөлшерде компенсациялық ағаш отырғызу;  жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желектерді жойғаны үшін 10 есе мөлшерде ағаш отырғызу;  М. Мырзағалиев атап өткендей, бұдан бұрын бұл нормалар осы қағидаларда болмаған.  Екінші. Орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.  Үкімет қаулысының тиісті жобасы осы аптада қабылданды. Оған сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, базалық ставкалар ағаш түрлері мен жасына қарай елді мекендерде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу кезіндегі залалды өтеу мөлшерлерін айқындау жөніндегі жаңа жеке қосымшамен толықтырылды.  Үшінші. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге өзгерістер әзірленді. Әкімшілік кодексіне дискрециялық нормаларды алып тастау және құқық бұзушыларға санкцияларды ұлғайту бөлігінде бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. Мысалы, құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды келесідей арттыру ұсынылады:  жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық  есептік көрсеткішке дейін;  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 айлық есептік көрсеткіштен 450 айлық есептік көрсеткішке дейін; орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіштен 600 айлық есептік көрсеткішке дейін;  ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіштен 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру.

Бұдан басқа, ағаштарды заңсыз кескені үшін санкцияларды қатаңдату бойынша Қылмыстық кодекске де өзгерістер енгізу көзделіп отыр.  Солай бола тұра, экология министрі нақтылағандай, өсімдіктер дүниесін сақтау мәселелері Орман кодексімен ғана және тек мемлекеттік орман қоры аумағында реттеледі.  Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер және өнеркәсіп жерлері сияқты басқа санаттардағы жерлер бойынша бұл мәселелер реттелмеген.  Осыған байланысты министрлік Өсімдіктер дүниесі туралы заң жобасын әзірледі. Оның шеңберінде: — өсімдіктер дүниесі ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі барлық мәселелерді заңнамалық тұрғыдан ретке келтіру; — өсімдіктер дүниесі ресурстарын сақтауға және молықтыруға жауапты мемлекеттік органдарды айқындау көзделуде. Бұл олардың республикадан тыс жерлерге шығарылуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді; — өсімдіктер дүниесінің  есебін, мемлекеттік кадастры мен   мониторингін жүргізу, сондай-ақ ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын жасау және ұстау тәртібін айқындау көзделуде. Бұдан басқа, өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, эндемикалық және реликті түрлерін сақтау мәселелері, табиғи экожүйелерге бөтен текті түрлерді жасанды жолмен енгізуге тыйым салу мәселелері реттелетін болады.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау мақсатында М. Мырзағалиев облыс әкімдіктеріне келесі ұсыныстарын білдірді:  ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша жүктелген жоспарлы көрсеткіштерді орындау; құрылған орман екпелерінің  уақтылы күтіп ұсталуын қамтамасыз ету;   қалалар мен басқа елді мекендердегі жасыл желектер бойынша түгендеу және паспорттандыру. «Осы шараларды жүзеге асыру аясында қаржыландыру мәселесін  пысықтау қажет. Қаржы министрлігі республикалық бюджет шеңберінде өңірлермен және басқа да мемлекеттік органдармен ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету үшін қаржыландыру мәселелерін пысықтап алуы тиіс», — деді ведомство басшысы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.