Бүгін қала әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен облыстық және қалалық прокуратура, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қатысқан жиын өтті. «Шымкент-қауіпсіз қала» атты жол картасы аясында бекітілген акция жиыныныда білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиева баяндама жасады.
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 95 пайыздан астамы мектептен тыс жерлерде жасалынып отыр. Сол себепті, білім ұяларында инспектор ұстамауды ұсынамын. Біз әуелі қылмыстың алдын алу жұмыстарын отбасы тәрбиесінен бастағанымыз абзал. Бұл ретте мектеп басшылығы тәртібі нашар, қылмысқа бейім жасөскіндермен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн», — деді қаланың бас ұстазы Ж.Тажиева.
Алқалы жиында шаһардағы қылмыстың деңгейін 30 пайызға төмендету туралы сөз болды. Айта кетерлігі, аталған акция аясында алдағы уақытта құқық қорғау саласының қызметкерлері тарапынан 20 дан астам рейдтік іс-шара өткізу жоспарланған. Кездесу барысында сарапшылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселенің мән-жайына үңілген сала мамандары қылмыстардың көбеюіне жұмыссыздық факторының әсері бар екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі қылмыстардың кешкі уақыттарда көптеу орын алатындығын айтқан мамандар қала аумағындағы түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүйелеуді, қылмыс жиі орын алатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнатып, жүйелі рейдерлік іс-шараларды өткізу керектігін жеткізді.
Шымкент қаласы әкмідігінің баспасөз қызметі.