Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.12.20206 505 Views

    Шымкент қаласының әкімдігінде мегаполистің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасын іске асыру мәселесі талқыланды.

    Қала әкімінің орынбасары Е.Білісбековтің қатысуымен өткен жиында халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жайы да қаралды.Шымкент қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі Жол картасында 29 іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында автокөлікті табиғи газға ауыстыру, көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу және жауын сулардың өзенге төгілуден алдын тазалау қондырғыларын орнату бар.

    Шымкент қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі ол атмосфераның ластануы. Ауаны ластаушылар қала аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар, автокөлік және қатты отында жұмыс істейтін қазандықтар болып табылады. Сондықтан қалаға ауаның ластануын көрсететін құрылғы орнатылатын болады. Осы ретте, қала әкімінің орынбасары ауаның ластануын көрсететін құрылғыны орнатуда тұрғындардың шағымын ескеру қажет екенін айтты.«Қалаға ауаның ластануын көрсететін құрылғыны орнатқандарыңыз орынды. Бірақ Қонаев даңғылына емес оны халық үнемі ауа ластанғаны туралы көп шағым айтатын аймақтарға орнату керек. Қонаев пен Тәуке хан даңғылы қаланың ең биік нүктелері, үнемі жел болып тұрады. Сондықтан ол жерге құрылғы орнату тиімсіз», — деді Е.Білісбеков.Жиында сөз алған Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Қ.Бейсенбаев экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жоба қазіргі таңда Үкімет қарауында екенін жеткізді.

    «Биылғы жылы кәсіпорындарда ауаға ластағыш заттар шығарындылары 2320 тоннаға төмендетілді. Ал көмір отынын пайдаланатын екі өндіріс ошағы табиғи газға ауыстырылды. Бұл бағытта әрі қарай жұмыстар жалғасуда. Жол картасында зиянды заттардың ауада шоғырлануын болдырмау үшін Шымкент қаласының жел бағыттарының режиміне зерттеу жүргізу іс-шарасы қарастырылған. Нәтижесінде, биік ғимараттар құрылысын жел бағыттарын ескере отырып жүргізуге мүмкіндік береді», — деді департамент басшысы.Бұдан бөлек, мәжілісте қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Татыбаев, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов пен «Қазгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры М.Жазыхбаев Шымкент қаласының экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдары бойынша баяндама жасады.
    Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Жол карталарында көрсетілген іс-шаралардың толыққанды орындалуы бірқатар оң нәтижеге әкелетінін айтып, бірқатар сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін атап өтті.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.