БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ
Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Елдегі төтенше жағдай кезінде облыс көлемінде 1700 волонтерлық акция ұйымдастырылды. Халыққа 200 мың бетперде, 30 мың ақпараттандыру қағаздары тарқатылды. «Дәрігерге мың алғыс» республикалық акциясын аясында дәрігерлерге арналған 1000 дана алғыс себеттері табысталды. Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтаарал!» штабы құрылып, бұл штабта 500-ге жуық волонтер қызмет етті. Олар 1600 тоннадан астам гуманитарлық көмекті халыққа таратып, 23 мыңнан астам бетперделер мен антисептикалық құралдарды үлестіру жұмыстарын жүргізді. 2500-ден астам тұрғынға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды таратты.
Жастар арасындағы экологиялық қозғалысты дамыту мақсатында, «Экологиялық мәдениет – біздің таңдау!» атты іс–шара өткізілді. Өңірде алғаш рет «Жастар таза қала үшін!» атты плоггинг ұйымдастырылды. Экологиялық қозғалыс жастардың бастамасымен бастау алып, өңірдегі табиғи мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қаланы көркейту мақсатында, волонтерлар көмегімен шырша көшеттерін отырғызу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
«Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобасы аясында еріктілер Түркістан өңірінің тарихи және мәдениет үшін айрықша маңызы зор 1663 археология және сәулет ескерткіштерімен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тарихи, мәдени ескерткіштерді, мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асырып, ШҚО «Берел» қорымында, Жамбыл облысы, Бақалы ауылы, «Жылқышы төбе» археологиялық қазба орындарында тазалық және археологиялық жұмыстар, қамқорлық, реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Осы жобаларға қатысуға өтініш білдірген волонтерлар саны 500-ге жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша 1-орында.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ауыл шаруашылығын дәріптеу және облысымыздағы ірі шаруашылық орталықтарының жұмысын насихаттау мақсатында «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясында «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысы өтті. Сайысқа облыс бойынша 16 аудан, қаланың белсенді волонтер жастары қатысты. Волонтер жастардың шет тілдерін меңгеру дәрежесін көтеру мақсатында облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «OPEN ENGLISH» жобасы бастау алып, волонтер жастар ағылшын тілінде дәріс алды. Жұмыс жалғасады. Биыл қолға алынған істер келер жылы да жалғасын табады.Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...
Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.