Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Б.Сағынтаев өзінің орынбасарлары мен Кеңсе басшысы арасындағы міндеттерді бөлді
    Жаңалықтар

    Б.Сағынтаев өзінің орынбасарлары мен Кеңсе басшысы арасындағы міндеттерді бөлді

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.10.2016178 Views

    ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы «ҚР Премьер-Министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары және  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасындағы міндеттерді бөлу туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкімге қол қойды.

    Құжатқа сәйкес, ҚР Премьер-Министрінің қарауына экономикалық, қаржы, фискалдық және кедендік саясат, мемлекеттік бюджетке қатысты стратегиялық мәселелер, мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелері және халықаралық ынтымақтастық, шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жетілдіру және басқалары кіреді.

    ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің міндеттеріне экономиканы және аймақтық саясатты жедел басқару, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылатын көздері, көмір, атом өнеркәсібі және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері бекітілді.

    Сонымен қатар, ол төтенше жағдайларға және жұмылдыру жұмыстарына, әскери-өнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті дамыту, жылу беру маусымдарына дайындадық және оны өткізу, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелеріне және басқаларына жауапты.

    Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының құзыретіне сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, өнеркәсіпті, инновацияларды, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, туризм, экспорттық бақылау және басқа мәселелер кірді.

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовке білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту, дін, спорт, мәдениет, демографиялық және көші-қон саясаты, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды үйлестіру және басқа мәселелер бекітілді.

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, су ресурстары,  орман шаруашылығы, жануарлар әлемі және басқа мәселелерге жетекшілік етеді.

    Премьер-Министр Кеңсесі­нің Басшысы Ерлан Қошанов Премьер-Министрді және Үкі­мет басшылығын ақпарат­тық-талдау, құқықтық, ұйымдас­ты­рушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-тех­ни­калық және өзге де мәселелерді қамтамасыз етуді іске асырады.

    ҚР Премьер-министрінің ресми сайтынан алынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.