Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздіктің кепілі болуы қажет. Қазір таңда қала аумағында тұрғындар және қалаға келген қонақтарының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті іс-шаралар қабылдануда. Әрбір әкімшілік аумақтағы учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындармен үйлердің кіреберісіне тиісті камераларды орнату бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде қала бойынша көп қабатты үйлердің кіре-берістеріне 2462 камералар орнатылып, қылмыстың төмендеуіне ықпал етті. Қала аумағында учаскелік полиция пунктері толығымен жұмыс жасауда. Ондағы полиция учаскелік инспекторлары қала тұрғындарымен профилактикалық жұмысын жүргізуде.
«Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясының қала аумағындағы көп қабатты үйлердің кіре-беріс дәліздерінде (подъездеріне) орнатылған бейнебақылау камераларын Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығына көру мүмкіндігін бере отырып, қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында полиция кешенді күштерін үнемі жолдай отырып профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Аулаларда және подъездерде күдікті тұлғалар анықталу барысында оқиға орындарына 633- рет учаскелік инспекторлары және 280 рет патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолданып, нәтижесінде 601 тұлғаны тексеру мақсатында учаскелік полиция тіректеріне жеткізген. Сонымен қатар, 3 қылмыс ізін суытпай ашылып (296-1,), (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу), (188-2) (ұрлық).
2020 жылдың 16 қараша мен 07 желтоқсан апта аралығында, қала көлемінде 955 (2019-1162) қылмыс тіркелген.
Тонау – 9 (2019-29)
Бұзақылық – 26 (2019-61)
Ұрлық – 269 (2019-518)
Пәтер ұрлығы – 27 (2019-106)
Нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша –758 Әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталған
Оның ішінде
-ҚР ӘҚБтК 434 бабы – 294,( ұсақ бұзақылық)
-ҚР ӘҚБтК 440 бабы – 63, (қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу)
-ҚР ӘҚБтК 449 бабы –2, ( қайыршылық)
-ҚР ӘҚБтК 517 бабы-5 (көші-қон заңнамасын бұзу)
-ҚР ӘҚБтК 441 бабы-146, (қоғамдық орында темекі шегу және тастау)
-ҚР ӘҚБтК 204 бабы-8 (заңсыз сауда)
-ҚР ӘҚБтК жол ережесін бұзу-161
ҚР ӘҚБтК 442 бабы.2 тармағы (түңгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілсіз үйде тыс жерде жүргені бойынша )-79