• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шетелдегі қазақтарға ана тілін жоғалтып алу қаупі төніп тұр — Зауытбек Тұрысбеков

08.12.2020
0

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков шетелдегі қандастармен рухани-мәдени байланысты нығайту мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, көші-қонды жандандыру үшін не істеу керегін, сырттағы қазақтарға ана тілін жоғалтып алу қаупі төніп тұрғаны туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен Зауытбек Тұрысбеков 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген тапсырма қалай орындалып жатқанын айтты. Ол Қазақстан Үкіметінің шетелде тұратын этникалық қазақтарды қолдау туралы 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдауы және Елбасының бастамасымен «Отандастар қорының» құрылуы бұл жұмыстарға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

«Осы іс-шаралар шетелде тұратын қазақ диаспораларының ана тілін үйренуіне, білім алуына, тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыра түсуіне жаңа мүмкіндік берді. Нұр-Сұлтанда Ресей, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан, Қытай, Швеция, Франциядан және тағы басқа елдерден келген қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесулер өтті. Биыл коронавирус пандемиясына қарамастан алғаш рет Өзбекстандағы этникалық қазақтармен онлайн форматта кіші құрылтай ұйымдастырдық», — дейді төрағаның бірінші орынбасары.

Шетелдегі қазақтардың мәселесі

Сонымен қатар, ол шетелдегі қазақтардың өзекті мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі таңда шетелде тұратын қазақтардың ана тілін, ұлттық және мәдени бірегейлігін жоғалтып алу қаупінің бары байқалады. Мысалы, Ресейдегі қандастарымыз жастар арасында қазақ тілінің қолданыс аясы тарыла бастағанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Мұндай жағдай Қытайдағы және Еуропадағы қазақ жастары арасында да байқалады. 370-тен аса қазақ мектебі бар Өзбекстан мен Моңғолияда бұл мәселе әзірге қанағаттанарлық жағдайда», — дейді Зауытбек Тұрысбеков.

«Қазақ мәдени орталықтарынын құруды жандандырдық»

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары бұл мәселені шешу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Осыған байланысты шетелде қазақ ұлттық мәдени орталықтарын құру жұмысын жандандыруды «Отандастар қоры» мен бірлесіп, қолға алдық. Бүгінде қазақ мәдени орталықтарымен және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 40-тан аса меморандумға қол қойылды. Оларды қаржыландыру бойынша шаралар қабылданып жатыр», — дейді ол.

«Қазақ диаспорасының балаларына 288 орын бөлінді»

Осы орайда Зауытбек Тұрысбеков қандастарымыздың балалары елімізде демалуға мүмкіндік алғанын жеткізді.

«2019 жылдан бастап, Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республикалық «Балдәурен» сауықтыру орталығында қазақ диаспорасының балалары демалу үшін 288 орын бөлінді.

Өткен жылы Назарбаев зияткерлік мектебі базасында жазғы демалыста 150 бала үшін жазғы тіл курстарын ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылды. Осылайша, шетелдегі қандастарымыздың 600-ден аса баласы еліміздегі лагерьде демалды», — дейді қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары.

Оның пікірінше, бұл этникалық қазақтардың тарихи Отанымен байланысын нығайту үшін маңызды.

«Сондықтан балалар демалысына арналған орын санын жыл сайын 3 мыңға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл — өте маңызды. Себебі, қандастарымыздың балалары бір-бірімен танысады. Осылайша, олар интернет арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатады. Бұл ана тілін, салт-дәстүрді сақтап қалуға септігін тигізеді», — дейді Тұрысбеков.

«Облыстарда байланыс орталығы құрылды»

Сонымен қатар, ол өңірлерде қандастарға көмек көрсету мақсатында арнайы орталық құрылғанын жеткізді.

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қоры оларға бейімдеу, әрі басқа да бірқатар қызметті (ақпараттық, заңдық, медициналық және білім беру) ұсыну үшін Нұр-Сұлтанда және облыс орталықтарында байланыс орталығын құрды. Қандастарымыз фронт-офистерге хабарласып, тиісті ақпаратты толыққанды алып жатыр. Олар жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, құжаттарды рәсімдеу, Қазақстан азаматтығын алу, ықтиярхат мәселесі, білім алуға қатысты сұрақтарды жиі қояды», — дейді қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары.

Көшті жандандыру үшін не істеу керек?

Зауытбек Тұрысбеков жүйелі мемлекеттік қолдау болған жағдайда қандастарымызды атамекенге қайтару процесін қайта жандандыруға болады деген пікірде.

«Ол үшін азаматтық алу тәртібін жеңілдетумен қатар, қандастарды орналастыруға жаңа шара қажет. Яғни 35 жасқа дейінгі мамандарды шақыра отырып, оларға тұрғын үй және жұмыспен қамту кепілдігін беру.

Осыған байланысты қауымдастық Ақмола облысы Аршалы ауданында және Түркістан облысының Келес ауданында «Тұрғын үй және жұмыс» атты жаңа форматтағы агроқалашықтар салу пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Ол 3 жылға жоспарланған», — дейді ол.

Оның айтуынша, пилоттық жобасы аясында Аршалы ауданында 196га жер телімі сатып алынып, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан әкімдіктеріне қарасты тиісті органдармен 1 282 нысанның (коттедж) құрылысын салу мәселесі шешімін тапқан.

«Жоспарға сәйкес, агроқалашықта 3,5 мың жұмыс орыны құрылып, 300 га жылыжай ашылады. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын сауда орталығы болады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Түркістан облысының Келес ауданында 300 га және 180 га аумақта тағы бір агроқалашық салу жоспарланып отыр.

Жоба бойынша ондағы фермелар шағын болады. Олар халал өнім өндіреді. Мұнда тұрғын үй мен тиісті құрылысты салу үшін әрбір шаруашылыққа 13 соттық жер телімін бөлу жоспарланып отыр», — дейді төрағаның бірінші орынбасары.

Қытайдағы қазақ мәселесі

Зауытбек Тұрысбеков Қытайдағы қазақтардың қысымға ұшырау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 2018 жылғы 30 қазанында қауымдастықтың арнайы шақыртуымен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясымен Нұр-Сұлтанда кездесу өткен.

«Этникалық қазақтарды ұстаудың әрбір фактісіне жедел ден қоюға, себептері мен салдарын объектив қарауға шақырдық. Қытай тарапына қандастармен мәдени байланыстарды қолдау үшін Үрімшіде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдігін ашу ұсындық. Осы мәселе бойынша әлі күнге дейін ресми хабар келген жоқ», — дейді ол.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары шетелдегі қазақтардың ұлт ретінде өсіп-өркендей беруі қауымдастықтың назарында екенін атап өтті.

«Қытайдағы қазақтардың мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Олармен кездесу ұйымдастырып жатырмыз. Қандастарымыздың өтініштерін СІМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі Істер министрлігі, ҚР Жоғарғы Соты басшылығының атына ресми түрде жолдадық. Жолданған хаттар шеңберінде көптеген бауырымыздың мәселесі қаралып жатыр», — деп түйіндеді сөзін Зауытбек Тұрысбеков.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.