Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Алтын Орданың билік институттары және қазақ қоғамындағы этносаяси процестер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
    Айғақ MEDIA

    «Алтын Орданың билік институттары және қазақ қоғамындағы этносаяси процестер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.12.2020729 Views

       ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Бейсенбай Кенжебаев атындағы түрік халықтары музейінің ұйымдастыруымен «АЛТЫН ОРДАНЫҢ БИЛІК ИНСТИТУТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ ПРОЦЕСТЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

    Алтын Орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Жарылқап Бейсенбайұлы,
    филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, тарих ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы Зікірия Жандарбек, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Қожа, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын, педагогика ғылымдарының магистрі, Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Бақытжан Ахметбек сынды елімізге белгілі және шетелдік тарихшылар мен ғалымдар, қорық-музей қызметкерлері, болашақ тарихшы студенттер қатысты.

    — «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, сонымен қатар Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның саяси қайраткер ретіндегі мемлекеттік идеологиясының қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өткені белгілі.
    Бүгінгі ұйымдастырылып отырған ғылыми шара төл тарихымызды зерттеп-зерделеуге тың серпін бере отырып, еліміздің рухани қазынасының толыға түсуіне өз үлесін қосады деп сенемін»,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

    Конференция мақсаты — Алтын Орда мемлекетін қазақ мемлекеттілігінің бастауы ретінде зерделеу, Алтын Орда мемлекеттіндегі билік институттарының қызметі мен маңызына талдау, Алтын Орданың беклербектерін Ұлы Даланың ұлы тұлғалары ретінде тану және таныту, Алтын Орда руханиятындағы Қожа Ахмет Ясауи ілімінің маңызы.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.