Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ БАЛА БОСАНДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ БАЛА БОСАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.12.2020339 Views

    Түркістан облысы Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған.  Сайрам аудандық орталық ауруханасына жүктілігіне байланысты жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне төнген қауіпке байланысты, кесарь тілігімен босандыруға бел буады.Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында жүкті әйел дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Қазіргі таңда босанған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, перзетханада дәрігерлердің бақылауында. Нәрестенің де жағдайы жақсы.

     Жалпы, Сайрам ауданында бұл пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған 6-шы жүкті әйелдің босануы. Босанған әйелдер дертті жеңіп, диспансерлік есептен алынған.

    Әлемдік деңгейде қауіп төндіріп, адамзат баласының алдын ораған ауруға байланысты жарияланған карантиндік режимге қарамастан дәрігерлердің кәсібилігінің нәтижесінде жыл басынан бері Сайрам аудандық перзентханасында жалпы 3795 сәби дүниеге келген. Олардың 500-ден астамы ота арқылы туылған. Аудан халық тығыз орналасқан аймақтар қатарына жатқандықтан жыл сайын 4000-ға жуық сәби дүниеге келеді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.