• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкент шаһарының экономикалық әлеуеті жоғары – Мұрат Әйтенов

04.12.2020
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің үшінші мегаполисінің дамуындағы басты өзгерістер туралы айтып берді
Оның айтуынша, соңғы екі жылда Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Бұл ретте кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзгерістер ерекше байқалады.
Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 319-дан 523 млрд теңгеге дейін өсті. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71-ден 88%-ға дейін артты. Шымкент шаһары республикалық мәртебеге ие болған сәттен бастап 1 трлн теңге жаңа инвестиция тартылды. 1,3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті 3,5 есеге ұлғайып, 455,5 млрд теңгеге жетті.
Өнеркәсіп – қала экономикасының негізін құрайтын сала. Қазір Шымкентте өндірістік инфрақұрылымы бар 3 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Жақын арада тағы екі агро-индустриялық аймақты іске қосу жоспарлануда, онда ауданы 136 га заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені және «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағы құрылатын болады, онда биоқоспалары бар концентрацияланған құрама жем өндірісі, сүт зауыты, ет, жеміс пен көкөністерді қайта өңдеу кәсіпорындары орналасады.
Айта кету керек, Шымкент өзінің болашағын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен және АӨК саласындағы логистикамен тығыз байланыстырады. Өйткені, қала аграрлық аймақтың орталығы болып табылады. 2020 жылы мегаполис тұрғындары АӨК саласында 30,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Салаға тартылған инвестициялар көлемі 7 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 2 есеге жуық артық.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте төрт жол торабында орналасқан, ауданы 92 гектар болатын сауда-логистикалық аймақ құрылды, онда өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері сақталады және таратылады. Қазір мұнда екі компания жұмыс істейді. Сонымен қатар, тағы үш логистикалық орталық салынуда.

«Қалаға жаңа мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын Елбасы Шымкент еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің даму орталығына айналатынын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Біздің міндетіміз — экономиканы қарқынды дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау», — деп атап өтті мегаполис әкімі.
2025 жылға қарай әкімдік жалпы өнімдегі ШОБ үлесін 35%-ға, ал жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында кәсіпкерлікті қаржыландыру 2 есеге, яғни 5,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 90 жобаны іске асыруға тағы 1 млрд теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржыландыруға 35,6 млрд. теңге мақұлданды, сонымен қатар, қаланың шағын және орта бизнесіне Екінші деңгейлі банктерден 35 млрд. теңге көлемінде несие бөлінді.
Бұл ретте инвестициялар көлемі де өсіп келеді. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 223,4 млрд теңге тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға көп. Президенттің тапсырмасы бойынша инвесторлар пулы қалыптастырылды және 1,4 трлн теңгеге 157 инвестициялық жобаның базасы әзірленді.
Қалада бизнесті дамыту үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Осылайша, Шымкент экономикасының өсімі ұзақ жылдарға қамтамасыз етілген деп сеніммен айтуға болады.
Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 28,4%-ды құрайды.
Пандемия жағдайында 26 мыңнан астам кәсіпкер салықтан босатылды, қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1,5 мың кәсіпкерге 13 млрд теңге несие бойынша төлем жасауде кейінге шегеру ұсынылды.
Айта кетсек, ТЖ кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу жұмыстары жүргізілді. 430 мыңға жуық адам 26 млрд теңге, 17 мың адам коммуналдық қызметтер үшін өтемақы алды.

«Біз мемлекеттік қызмет көрсету ісінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстанамыз. Әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін «iKomek» 109 байланыс орталығы іске қосылды, ол 24/7 режимінде жұмыс істейді», — деп толықтырды М.Әйтенов.
Сондай-ақ, брифинг барысында М.Әйтенов эпидемиялық жағдай және мегаполистің коронавирустың жаңа толқынына дайындығы туралы хабарлады.
«24 наурыз бен 16 қараша аралығында COVID-19 вирусының 5292 жағдайы тіркелді. Біз үш сценарий бойынша коронавирустың ықтимал толқынына дайынбыз. Ол үшін 5416 жатар орын ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
Қалада жалпы қуаттылығы күніне 3550 тест қабылдайтын 9 ПТР-зертхана, 19 компьютерлік томография аппараты, 3 оттегі станциясы бар. Сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнатылады. Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны екі есеге – 612-ге дейін ұлғайтылды, 100 жаңа жедел медициналық көмек көрсету көлігі сатып алынды, автопарк толық жаңартылды. Қоңырауларды қабылдау қуатын арттыру үшін жаңа call-center іске қосылды», — деді әкім.
Сонымен қатар, М.Әйтеновтың айтуынша, медициналық ұйымдарда COVID-19-ға қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры, ал қала дәріханаларында коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің қоры 1,7 млрд теңгеге қалыптастырылған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.