Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Бүгінде ҚР Конституциясында этностық азшылық құқықтарын қорғау жөнінде қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың құқықтық үлгісі қаланған. Осы орайда елдің ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталуда.Бүгін Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Қоғамдық келісім» мекемесі қалалық ассамблея жанындағы журналистер мен блогерлер клубы мүшелерінің қатысуымен онлайн-форматта кездесу өткізді.Жиында этникалық толеранттылық процестерін тереңдету және біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру міндетін іске асыруға ақпараттық кеңістіктің рөлі бойынша мәселелер талқыланды. Іс-шараға қатысушылар азаматтық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі ілгерілету міндеттерін іске асыруда заманауи ақпараттық коммуникациялық құралдардың әлеуеті жөнінде жан-жақты пікір алмасты.