Жамбыл облысы ардагерлерінің ұсынысымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы киелі Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» атанды.
Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.
Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкері болып жұмыс істеген. 1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілер мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа Қауымдастығы Басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтер атқарған. 1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2009 жылдың наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. Одан кейін, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облысының әкімі қызметінде болған Асқар Исабекұлы екі жыл ішінде халық игілігі үшін көптеген ілкімді істер атқарып үлгерді.