Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025»: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025»: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.12.20201 937 Views

    Шымкенттегі «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін қайтарымсыз гранттар тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қалалық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері іс-шарада халықты бизнеске ынталандырудағы мемлекет қолдауының шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
    Салаға жауаптылардың сөзіне қарағанда, 2-5 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз қаражат кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедек жандар мен 50 жасты еңсерген азаматтарға бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі. Грантты иемденіп, кәсібін дамытқысы келетін тұрғындар 3 айлық оқу курстарына қатысып, сертификат алуы қажет. Грант тек кәсіпті дамытуға, құрал-жабдық, материалдар сатып алу үшін жәрдем ретінде беріледі. Грант қаржысы есепшотқа түскеннен кейін оның мақсатты пайдаланылуына жылына екі рет тексеру жүргізіледі.
    Сарапшылар 555 мың теңге көлеміндегі грантты иемденген азаматтардың да бұл қолдауға өтініш бере алатынын айтады.
    Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері бұл мақсатта 100-ден астам адам конкурсқа қатысқан. Осы уақыт аралығында комиссияның оң қорытындысымен 67 бизнес жобаға қолдау көрсетіліп, қаржы бөлінген.
    Келесі жылы да грантқа құжаттар қабылдау жалғасады. Бағдарлама шарттары БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланады.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.