БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ
Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, сондай-ақ «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаева баяндама жасады. «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау – мемлекет баса көңіл аударатын өте маңызды мәселе. Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта құру», — деді А. Мамин. «Nur Otan» партиясының жаңа бағдарламасына сәйкес алдағы 5 жылда жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 30%-ға өсуі тиіс және де олар медициналық оңалтумен 100% қамтылады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанда 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр, ол 64 кешенді іс-шарадан тұрады. Биыл мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруға 448 млрд теңге жұмсалды, бұл өткен жылғыдан 12%-ға көп. Тұңғыш рет мүгедектер арбаларын жасайтын отандық өндіріс іске қосылды, бұл аталған арбаға мұқтаж адамдарды бес жыл ішінде толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен жұмыстар анықтамалығы әзірленіп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарды медициналық оңалтумен қамту үлесі биыл 60%-ға дейін, 2021 жылы 75%-ға дейін арттырылады. Көлік саласында оны мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалана алуы үшін елеулі жұмыс атқарылды. Жол жүру үшін жеңілдікті жағдайлар жасалды. Вокзалдардың 93%-ы мүгедектерге қызмет көрсету талаптарына сәйкес келеді. Барлық жолаушылар пойыздары 100% мүгедек арбаларымен жабдықталған. Үкімет басшысы жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды. Әкімдіктерге мүмкіндіктері шектеулі жандарды Әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы оңалту құралдарын алу дағдыларына оқытуды жандандыру, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталықтары мен ХҚКО-ларда мүгедек адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мүгедектіктің алдын алу үшін сырқаттарға диагностиканы ерте жүргізуге көңіл бөле отырып, мүгедектерге оңалту көмегін күшейту, салынып жатқан барлық оңалту орталықтарын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Үкімет басшысы Білім министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, келесі жылы балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 50%-ға дейін кеңейтуді, білім беру бағдарламаларының мазмұнын және педагогтарды даярлауды өзектендіруді, түзету кабинеттері желісін және психологиялық-медициналық және педагогикалық комиссиялардың қызметін кеңейтуді тапсырды. Индустрия министрлігіне мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, вокзалдарды жаңғыртуды аяқтау және қоғамдық автобус паркін мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету талаптарына толық сәйкестендіру тапсырылды.Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...
Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...
Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.