Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Инфекциялық стационарларда 10 науқас коронавирус инфекциясынан ем қабылдауда
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Инфекциялық стационарларда 10 науқас коронавирус инфекциясынан ем қабылдауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.12.2020639 Views

    Бүгінгі таңда Түркістан облысының инфекциялық стационарларында 10 науқас коронавирус инфекциясымен жатыр. Індетті жұқтырған азаматтардың барлығына медициналық хаттамаға сәйкес тиісті емдік шаралары көрсетілуде. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Індет балалар арасында тіркелмеген.Жалпы, облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифинг барысында аймақтың бас дәрігері Марат Пашимов мәлімдеді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, өңірде індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген.

    «Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы барынша жасақталды. Өкпені жасанды желдету аппараттарының саны артып, қосымша 4 оттегі станциясы орнатылды. Бүгінде 8 ауруханада жеке оттегі станциясы бар. Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Оттегі нүктелерінің саны 3000-ға жуық. Пульсоксиметрдің қамтамасыз етілуі 190-нан 3879-ға дейін жетті»,-деді брифинг барысында Марат Пашимов.
    Аймақтағы барлық медициналық ұйымдарда 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі болжамына байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
    Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен күрес шаралары аясында таяуда 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады. Ал, облыстың жедел-жәрдем қызметі паркін жыл соңына дейін 96 %-ға жаңарту жоспарланып отыр.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.