Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»САЙРАМ АУДАНЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 24,6 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
    Айғақ MEDIA

    САЙРАМ АУДАНЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 24,6 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.11.2020533 Views

    Түркістан облысындағы аграрлы аудандардың бірі Сайрам ауданында ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға 24,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бағытталған инвестиция бойынша ауданның үлесі облыс көлемінде 5,1% құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифингте аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


    Сонымен қатар, ауданда өнеркәсіп саласында 24,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 12,4% құраған.
    «Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» Сайрам ауданында соңғы бес жылдықта құны 11,6 млрд теңгелік 12 жоба іске қосылып, нәтижесінде 610 жұмыс орны ашылған болатын. Ал биыл жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын 1,4 млрд теңгеге 5 жобаның іске қосылады. Олар: жылдың қуаттылығы 15 тонналық «AYKAN» ЖШС-ң «Сүт өңдеу зауытының құрылысы»; жылына 20 мың тонна өнім өндіретін «Көктал групп» ЖШС-ң темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты; «ELIT STRОY M&A» ЖШС-ң тауарлы бетон мен асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылысы. Қуаты тауарлық бетон — 40 мың текше метр, асфальт бетон — 13 мың текше метр; «DARIA групп» ЖШС-ң темір-бетон және бетон бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы. Қуаты тауарлық бетон жылына — 21 мың текше метр; «Конус и К» ЖШС-ң темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Қуаты жылына 10 мың текше метр»,- деп атап өтті аудан басшысы.
    Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылдың 10 айында 127,7 млрд теңгеге жетіп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,1%-ды құраған. Жалпы өнімнің 57,7%-ы ауыл шаруашылық саласына тиесілі.
    «Аудан экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында 73,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3,3% құрады. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 11,6%-ды құрап, 2-орынды иемденіп отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында аудандағы егіс көлемі — 52 047 гектарға, қарқынды бау көлемі — 455 гектарға жетті. Жылыжай көлемі 7,1 га жерге салынып, жалпы көлемі 45,9 гектарды құрады. Бүгінгі күнге жылыжайлардың 1 айналымынан жалпы 3,9 мың тонна өнім өндірілген», — деді Ұласбек Сәдібекұлы.
    Облыс әкімінің «Израильдік технологияны ендіру» тапсырмасына сәйкес, ауданда тамшылатып суғару әдісі 87 үй іргелік шаруашылықта енгізілген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.