Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №39 бұйрығына сәйкес азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызметі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Нұрболат Дербісов қызмет атқару кезеңінде кіші және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарда болып, мемлекеттік өрт бақылау инспекторынан бастап, ОҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, кейін Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымын абыроймен атқарды. Жоғары патриоттық сезімі мен аянбай еткен еңбегінің арқасында арнайы «азаматтық қорғау подполковнигі», «азаматтық қорғау полковнигі» шендері мерзімінен бұрын берілген.
Қала аумағында 2017 жылы «Мұнай өнімдері» ЖШС аумағында ірі өртті сөндіру барысында ерлігі мен адал қызметі үшін «Айбын» орденімен марапатталған болатын.
Нұрболат Бекболатұлының алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!