Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте онкологтар қатерлі ісікті Орта Азияда теңдесі жоқ тәсілмен емдейді
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте онкологтар қатерлі ісікті Орта Азияда теңдесі жоқ тәсілмен емдейді

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.11.20201 212 Views

    Шымкентте онкологиялық орталықта қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуде заманауи әрі сапалы емдеу тәсілі қолданылып келеді. Сондай тәсілдердің бірі – тікелей тамыр ішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісі.
    Тамырішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісін практикада қолдану үшін қалалық онкологиялық орталықтың мамандары Ресей, Аустрия, Германия елдерінде оқудан өтіп, біліктіліктерін шыңдап келген. Замануи әдістің көмегімен мамандар 12 жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеп, оң нәтижелерге қол жеткізуде.
    Медицина мамандары химиоэмбализация тәсілінде дәрілерді араластырып, ісік тарайтын тамырларды жауып тастайды. Соның нәтижесінде ісік толығымен дәріленеді. Ал тамырішілік химиотерапияда цифрлы рентген аппараты немесе ангиограф арқылы катетердің көмегімен дәрілік заттарды тамыр ішіне жібереді.
    – Біз Қазақстанда алғаш болып тамырішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісін енгіздік. Бұл тәсіл арқылы қатерлі ісіктің тамырына химиялық заттар 100 пайыз жіберіледі. Нәтижесінде қатерлі ісікті емдеу 20-30 пайыз жақсарады. Бұл ауыр халдегі обыр ауруына шалдыққан науқастардың өмірін ұзартады. Тамырішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісі бойынша ем алу үшін Шымкенттегі онкологиялық орталыққа еліміздің өзге де облыстарынан науқастар келеді. Тіпті шекара асып, ем іздеп келетін науқастар бар. Мұндай ота түрін ми, мойын, бауыр, ұйқы безі, жатыр мойны, жатыр, бүйрек, бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жасаймыз, – дейді қалалық онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлы онкология бөлімінің меңгерушісі Давранбек Арыбжанов.
    Осындай химия-эмбализация әдісі бойынша емделіп жүрген науқастардың – бірі Ерік Қызайбеков. Алматы облысының тұрғыны сапалы ем алу үшін Шымкенттегі онкологиялық орталыққа арнайы келген. Химио-эмболизация әдісімен ем алған науқастың жағдайы бүгінде жақсарып қалды. 56 жастағы азаматқа дәрігерлер осыдан бес жыл бұрын бауырдың қатерлі ісігі диагнозын қойған.
    Айта кетейік, бүгінге дейін бес мыңнан аса науқасқа осындай операция түрі жасалған. Қалалық онкологиялық орталыққа еліміздің түкпір-түкпірінен науқастар ем іздеп келеді. Тіпті, Астрахань, Мәскеу қалалары мен Өзбекстаннан келген науқастар ем алған.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.