Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент әкімі қазыналы қарттарға құрмет көрсетті
    Жаңалықтар

    Шымкент әкімі қазыналы қарттарға құрмет көрсетті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.10.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Алтын Сарай» мейрамханасында Шымкент қаласының дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосқан шымкенттік зейнеткерлер мен ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтады.14433200_1073625912753747_7738709286475486497_n
    -Сіздерді, келе жатқан Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргiзiп жатқан салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі, -деді қала әкімі өз құттықтауында.

    Айта кетерлігі, қаламызда қазіргі таңда 70 мыңға жуық зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлер тұрады. Зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлерге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан түрлі әлеуметтік қолдауы көрсетілуде.

    Мәселен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай бір жолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 141 ардагерлерге 212100 теңгеден барлығы 29906,1 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

    Сонымен қатар, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға бір жолғы 2 АЕК, 8754 анаға 37134,5 мың теңге әлеуметтік көмек берілуде. Мұнан тыс, «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесі 454 егде жастағы өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға үйде әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.