Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Созақ ауданында 254 млрд теңгенің өнімі өндірілген
    Айғақ MEDIA

    Созақ ауданында 254 млрд теңгенің өнімі өндірілген

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.11.2020515 Views

    Ағымдағы жылдың 10 айында жергілікті бюджетке 5 млрд. 443 млн. 875 мың теңге қаржы түсіп, бюджеттің шығыс бөлігі 16 млрд. 508 млн. 544 мың теңгені құраған. Сонымен бірге 10 айда ауданда 254 млрд. 790 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп аудан экономикасына 27 млрд. 925 млн. теңге инвестиция тартылған. Созақ ауданының ауыл швруашылығы саласында үстіміздегі жылдың 10 айында жалпы өнім көлемі 11 млрд. 796 млн 100 мың теңге болып, өткен 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 987,9 млн теңгеге артып отыр.
    Тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына 51,3 млн.теңге инвестиция тартылса «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында барлығы 64 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2992 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылған.
    Облыс әкімі Өмірзақ Естайұылының тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, 1980 бас түйе аналығы сатып алынған. Оның ішінде 1000 бас түйе несие алу арқылы жүзеге асса, 980 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен ұйымдастырылды.
    Шолаққорған ауыл округінің агроқұрылымдары 30 тн «Golden Camel Group» ЖШС-не, 60 тоннасы «Казфут» ЖШС-не, Қарақұр ауыл округінің агроқұрылымдары 53 тн, Созақ ауыл округінің агроқұрылымдарын 113 тн «Казфут» ЖШС-не наурыз-сәуір айларында барлығы 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген. Ауданда үдемелі индустриялды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасы тізіміне жалпы құны 19 млрд. 534,6 млн.тг құрайтын 6 жоба енгізіліп, одан жалпы құны 951,6 млн.тг құрайтын 5 жоба жүзге асырылды. Іске асырылған жобалардың барлығы ауданның «Индустриалды аймағында» орналасқан.
    Аудан көлемінде биылғы жылы 6 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылданған. 2 нысанның құрылыс жұмыстары жылдың аяғында аяқталып, пайдалануға беріледі. 2 нысанның құрылыс жұмыстары 2020 жылдан өтпелі болып, 2021 жылы аяқталады деп күтіліп отыр. Аудан бойынша 35 елді мекеннің 28 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Қазіргі таңда орталықтандырылған ауыз су құбырларымен қамтылған 29 елді мекенде тұратын халық саны – 61 173 адамды яғни аудан тұрғындарының 97 пайызын құрайды.
    Сондай-ақ, ауыз су құбыры жүргізілмеген Сарыжаз, Балдысу, Қарабұлақ, Шақырық және Басбұлақ елді мекендерінің жер асты суын зерттеу жұмыстары жүргізіліп қорытынды нәтижесі алынды. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы аудан әкімі Салыхан Полатов баспасөз жиынында мәлім етті.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.