Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.2020638 Views

    Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қала әкімі М. Әйтенов цифрландыру басқармасының алдағы даму жоспарын тыңдады. Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов саладағы атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жобаларын баяндады.
    Қалада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру 5 негізгі бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қосымша 6 бағыт бойынша жүзеге асуда, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
    Әсет Маратұлының айтуынша, пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі (ИТС) қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе қолға алынып отыр.


    Осы жұмыстардың нәтижесінде қалада қиылыстардағы көлік қозғалысы тиімділігі 42-48 %-ға артып, кептелістер санының азаюы, өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы сынды оң нәтижелерге қол жеткізілді.
    Сондай-ақ, жиында «Ақылды аялдамалар» жобасы таныстырылды. Бүгінде қалада аялдамалар жаңартылуда. Алайда бірде-бір аялдамада қоғамдық көлік қозғалысының уақыты, ағымдағы уақыт, ауа температурасы көрсетілген ақпараттық тақта орнатылған жоқ.
    Басқарма басшысы осы бағытта ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, әр аялдамада ақпараттық тақта орнату, қоғамдық көліктің GPS трекерлерін 2GIS, Yandex, Open Shymkent қосымшаларымен біріктіру көзделуде. Сондай-ақ, Ә. Әбдіраханов тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлік карталары мен Shymkent Bike велосипед жалға алу жүйесін интеграциялау қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.