Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында 56 спорт түрі дамытылуда
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында 56 спорт түрі дамытылуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.11.2020468 Views

    Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуда басымдық танытылуда. Қазіргі таңда аймақта дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 640 мыңға жуық азаматты құрап, жалпы халықтың спортпен қамтылуы 31,4 пайызды құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткен баспасөз-мәслихаты барысында мәлім етті.Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2020 жылдың 10 айында  облыс аумағында 1085 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 140 мыңға жуық азамат қатысқан. Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыста мемлекеттік — жекешілік әріптестік тетігі арқылы жалпы сомасы 9 млрд. 600,0 млн. теңге құрайтын барлығы 26 жоба іске асырылуда.Облыс аумағындағы аудан, қалаларда 68 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері жұмыс істеуде. Оңтүстік өңірінің спорт майталмандары биыл спорттың 56 түрі бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 66 алтын, 59 күміс және 67 қола медальдарын жеңіп алды. 2020 жылдың 10 айында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 28 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 116 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Түркістан облысынан 2021 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 21 үміткер  спортшылар анықталып, олармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ, облыс аумағында 7 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қосымша спорттық үйірмелерге тарту бағытында 17 спорт ұйымдары мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы ашылып, 400-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде 21 спорт түрі бойынша 370 спорт секцияларында 4442 жасөспірімге оқу-жаттығу сабақтары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.