Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙЫНА 6000 –ҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙЫНА 6000 –ҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.2020209 Views

    Түркістан облысы бала туылу көрсеткіші бойынша республика көлемінде алдыңғы шепте. Қазан айының өзінде аймақта 5659 бала туылған. Яғни, тәулігіне 200-ге жуық сәби дүниеге келеді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде атап көрсетілген мәліметке сүйенсек, облыста он ай ішінде жалпы 50 202 нәресте туылған. Өңірде бала туу көрсеткішінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 көрсеткішке артқаны байқалады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Бұл тұрғыда күрделі кезеңде облыс тұрғындарына барынша қолдау көрсетілуде. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Түркістан облысында 67 038  адам қамтылып, оның ішінде 798 адам шағын несие алған және 6 039 адам мемлекеттік грантты иеленді.  30 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылған.

    Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделін іске асыру мақсатында Түркістан облысында 49,5 мың отбасыға яғни, 277 мың азаматқа 31,9 млрд.теңге қарастырылды.  Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы қажеттілікке 27,5 млрд.теңге, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 4,4 млрд.теңге бөлінген.

     «Облыста 2020 жылдың 1 қарашасына аз қамтамасыз етілген 35 109 отбасыға 13 156,2 млн. теңге қаржы тағайындалып, 33 434 отбасыға 10 683,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.  Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1 және 6 жас аралығындағы 41 516 балаға азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдары берілді. Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд.теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер ұсынылды»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.

    Облыста сондай-ақ, шілде-тамыз айларында 337 171 өтінішке төлемдер тағайындалып  14,2 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленген. 6-18 жас аралығындағы атаулы әлеуметтік алушы 168,9 мың балаларға, мүгедектер мен жұмыссыздарға 3,7 млрд.теңгеге 5 567 теңге көлеміндегі өтемақы түрінде азық-түлік-тұрмыстық пакеттері берілді.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.