Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: медициналық-жедел жәрдем қызметі 96%-ға жаңартылады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: медициналық-жедел жәрдем қызметі 96%-ға жаңартылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.2020284 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев журналистерге арналған баспасөз — конференциясында коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқынына белсенді дайындық барысында аймақтағы медициналық ұйымдарында материалдық-техникалық базалардың барынша жасақталғанын айтты. Аймақта өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 46,4%-ға артқан. 8 ауруханалардың жанында оттегі станциялары орнатылды. 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Оттегі концентраторларының саны 95 %-ға артып, 900-ге жуықтады. «Емдеу мекемелерінде ашылған 10 зертханада Covid-19 инфекциясын анықтау үшін  тәулігіне 5000 сынама алу мүмкіндігі бар. Облыстың шалғай ауылдары 12 жылжымалы медициналық кешенмен және жедел жәрдем станциясының паркі 13 реанимобильмен толықты. Облыстық жедел-жәрдем қызметін жыл соңына дейін тағы 122 автокөліктерімен жабдықтау көзделген. Оның 43-і жеткізілді. Бұл медициналық жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді», — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Коронавирус індетімен күреске жұмылдырылған 5000-ға жуық медицина қызметкеріне жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде 7,2 млрд.теңге қаржылай үстемеақы төленді. Сovid-19 инфекциясымен күресте көз жұмған 16 медицина қызметкерінің туған-туыстарына 10 млн. теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, коронавирус індетін жұқтырған 182 денсаулық сақтау саласының қызметкері 2 млн. теңгеден мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік  төлем алды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.