«Екінші жыл қатарынан біздің бірлескен жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БҒМ өз бастамаларын ұсынып, белсенділік танытып келеді. Соңғы уақытта білім саласында ашықтық, айқындық және объективтіліктің арқасында оң өзгерістер байқалады. Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы мен Мемлекет басшысының саясаты, ал қойылған міндетті министр орындап жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдердін жою барысында жоғары оқу орындары қауымдастығы, сарапшылар мен тұтастай алғанда ведомство қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Білім және ғылым министріне белсенді ұстанымы үшін алғыс білдіремін», – деді Алик Шпекбаев.
