Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының нақты секторы оң өсім қарқынын көрсетті
    Айғақ TV

    2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының нақты секторы оң өсім қарқынын көрсетті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев баяндады. 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторы оң өсім қарқынын көрсетуде. Өңдеу өнеркәсібінде 3,2%-ға, оның ішінде азық-түлік өнімдері өндірісінде 3,4%-ға, фармацевтикада 39,7%-ға, дайын металл бұйымдары өндірісінде 19,5%-ға, машина жасауда 16,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 53,6%-ға, сондай-ақ қағаз өндірісінде 15%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 16,4%-ға өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 10,7%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,7%-ға немесе шамамен 10,7 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5,2%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді. ҚР алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері биылғы 1 қазанда $91,1 млрд құрады. Темір кенін (+1%) және өзге де пайдалы қазбаларды (+0,7%) өндіру секілді тау-кен секторының маңызды бағыттары бойынша оң динамика сақталуда. Бұл ретте ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі жағдайында мұнай өндірудің төмендеуі (-4,3%) байқалады. Карантиндік шаралардың болуы және күшейтілуі қызмет көрсету саласына әсер етуде (-6,1%). Сонымен қатар сектор көрсеткіштері біртіндеп тұрақтанып келеді. Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы негізгі 8 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. 4 көрсеткіш бойынша Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оң динамикаға қол жеткізілді.  Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Премьер-Министр республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жыл соңына дейін бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруі қажеттігіне назар аударды.

    primeminister.kz сайтынан 

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.